Қазақстандық теннис жұлдызы Елена Рыбакина Халықаралық әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) ұйымдастырған ресми фотосессияға қатысып, жанкүйерлерін жаңа бейнесімен таңғалдырды.
Әлемдік рейтингте жетінші орында тұрған және WTA Finals 2025 турниріне қатысатын сегіз үздік теннисшінің бірі саналатын Елена бұл жолы әдеттегі спорттық стилінен бас тартып, кешкі сәнді көйлекпен сахнаға шықты.
WTA-ның ресми парақшасында жарияланған бейнежазбада Рыбакина алдымен күнделікті киімде көрініп, бір сәтте-ақ элегантты бейнеге ауысады. Видеоның астында:
«Елена Рыбакина – дәл сол ерекше қыз», — деп жазылған.
Биылғы WTA Finals турнирі 2025 жылдың 1–8 қарашасы аралығында Эр-Риядтағы King Saud University Indoor Arena алаңында өтеді. Бұл — жабық хард жабыны бар арена.
Елена Рыбакинамен қатар әлемнің үздік теннисшілері — Арина Соболенко (№1 WTA), Ига Швентек (№2 WTA) және басқа да жұлдыздар додаға қатыспақ.