Александр Бублик Париждегі «Мастерсте» қанша табыс тапты
Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде — 16-орын) Парижде өткен беделді ATP Masters 1000 турнирінде финалға шыға алмады.
tennis365.com
Бублик жартылай финалда тоқтады
Бублик жартылай финалда Канада өкілі Феликс Оже-Альяссимнен (ATP — 10-орын) 6:7, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Осы кезеңге дейін жеткені үшін Александр Бублик 282 650 еуро (шамамен 137 млн теңге) көлемінде сыйақы алды.
Сонымен қатар ол 400 ATP рейтингі ұпайын еншілейді. Бұл көрсеткіш оның әлемдік рейтингтегі орнын сақтап қана қоймай, маусым соңында үздік 15-тен орын алуға мүмкіндік береді.
Париждегі жеңістер тізбегі
Бублик бұл турнирде ерекше нәтиже көрсетті. Ол қатарынан төрт қарсыласын жеңіп, турнирдің жартылай финалына дейін жетті:
- Алексей Попырин (47-орын) — 6:3, 6:2
- Корентен Муте (32-орын) — 6:3, 7:5
- Тейлор Фриц (4-орын) — 7:6, 6:2
- Алекс Де Минаур (6-орын) — 6:7, 6:4, 7:5
Бұл нәтижелер Бубликтің маусымдағы ең сәтті серияларының бірі ретінде аталды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet