Қазақстан теннис федерациясы (ҚТФ) Елена Рыбакинаның азаматтығы жөнінде тараған мәліметке түсініктеме берді.
Федерацияның мәлімдеуінше, Ресей теннис федерациясының президенті Шамиль Тарпищевтің Рыбакинаның азаматтығына қатысты айтқандары шындыққа жанаспайды.
ҚТФ таратқан ресми ақпаратта бірнеше маңызды жайт нақты көрсетілді:
Федерация өкілдерінің айтуынша, Рыбакина мұны өзі де бірнеше мәрте ашық мәлімдеген.
ҚТФ дерегіне сәйкес, Елена Рыбакина 2018 жылдан бері барлық халықаралық турнирде Қазақстан атынан ресми түрде өнер көрсетіп келеді. Сондай-ақ оның ұлттық құрама мүшесі екені атап өтілді.
Еске салайық, бұған дейін Шамиль Тарпищев Елена Рыбакина туралы:
«Ол Мәскеуде тұрады, оның Ресей азаматтығы бар. Спорттық — Қазақстан. Бұл спорттық мансап үшін жасалған», деп пікір білдірген.
Ал Қазақстан теннис федерациясы бұл мәлімдемелердің шындыққа сәйкес келмейтінін қадап айтты.