Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстандық теннисші Үндістандағы жарысты сәтті бастады

Сарапшы, спорт журналисі
16.12.2025, 15:39

Қазіргі сәтте Нью-Дели де ITF W35 сайыстары өтіп жатыр.

Фото: спортшының әлеуметтік желісінен
Реклама
Реклама

Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингте 845-орында тұрған Аружан Сағындықова Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан ITF W35 санатындағы турнирде сәтті өнер көрсетіп, екінші айналымға жолдама алды.

Аружан жарысты жергілікті теннисші, үндістандық Рия Сачдеваға қарсы матчтан бастады. Кездесу барысында қазақстандық спортшы ойын тізгінін өз қолында ұстап, қарсыласына айтарлықтай мүмкіндік берген жоқ.

Алғашқы сетте Сағындықова 6:2 есебімен айқын басымдық танытып, матчтың бағытын ерте анықтады. Екінші партияда да ол қарқынын бәсеңдетпей, шабуылдағы сенімді ойынымен көзге түсіп, сетті 6:1 есебімен аяқтады.

Осылайша, кездесу бар болғаны 1 сағат 4 минутқа созылып, Аружанның сенімді жеңісімен аяқталды. Қазақстандық теннисші келесі айналымда да жеңіс жолын жалғастыруды көздеп отыр, ал оның келесі қарсыласы кейінірек белгілі болады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары