Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Елена Рыбакинаның азаматтығына қатысты ақпарат жоққа шығарылды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан теннис федерациясы (ҚТФ) Елена Рыбакинаның азаматтығы жөнінде тараған мәліметке түсініктеме берді. 

Елена Рыбакинаның азаматтығына қатысты ақпарат жоққа шығарылды
фото ашық дереккөздерден алынды

Федерация не деді?

Федерацияның мәлімдеуінше, Ресей теннис федерациясының президенті Шамиль Тарпищевтің Рыбакинаның азаматтығына қатысты айтқандары шындыққа жанаспайды.

ҚТФ таратқан ресми ақпаратта бірнеше маңызды жайт нақты көрсетілді:

  • Елена Рыбакина Мәскеуде тұрмайды;
  • ол Қазақстан Республикасының азаматшасы;
  • қолында қазақстандық төлқұжат бар;
  • Астанада тіркеуде (пропискада) тұр;
  • «ресейлік азаматтығы бар» немесе «спорттық азаматтық» туралы сөздер фактіге сәйкес келмейді;
  • Қазақстанда «спорттық азаматтық» деген ұғым заңды түрде қолданылмайды.

Федерация өкілдерінің айтуынша, Рыбакина мұны өзі де бірнеше мәрте ашық мәлімдеген.

Рыбакина Қазақстанды қашаннан бері қорғайды?

ҚТФ дерегіне сәйкес, Елена Рыбакина 2018 жылдан бері барлық халықаралық турнирде Қазақстан атынан ресми түрде өнер көрсетіп келеді. Сондай-ақ оның ұлттық құрама мүшесі екені атап өтілді.

Еске салайық, бұған дейін Шамиль Тарпищев Елена Рыбакина туралы:

«Ол Мәскеуде тұрады, оның Ресей азаматтығы бар. Спорттық — Қазақстан. Бұл спорттық мансап үшін жасалған», деп пікір білдірген.

Ал Қазақстан теннис федерациясы бұл мәлімдемелердің шындыққа сәйкес келмейтінін қадап айтты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір