"Мәскеуде тұрады": Елена Рыбакинаның азаматтығы анықталды

Сарапшы, спорт журналисі

Елена Рыбакинаның негізгі азаматтығы белгілі болды.

"Мәскеуде тұрады": Елена Рыбакинаның азаматтығы анықталды
Елена Рыбакина (Фото: Clive Brunskill / Getty Images)

Ресей теннис федерациясының президенті Шамиль Тарпищев ресейлік теннисшілердің спорттық азаматтығын ауыстыру жағдайына қатысты пікір білдіріп, оның ішінде Елена Рыбакина туралы да айтты.

Оның айтуынша, спортшылар мұндай шешімді ең алдымен Олимпия ойындарына қатысу мүмкіндігі үшін қабылдайды.

Тарпищев 2021 жылдан бері Ресейден бар болғаны үш-төрт теннисші кеткенін және олар жетекші ойыншылар болмағанын, Олимпиадаға жолдама алу мүмкіндігі жоқ спортшылар екенін айтты. Елена Рыбакинаға қатысты ол былай деді:

«Бізге Рыбакинаны да жиі еске салады. Бірақ оның жақсы ойнап кететінін байқамағанымыз үшін бізді сынауға болады. Ол кеткен кезде өз жасында жетінші орында тұрған. Бірақ өзі Мәскеуде тұрады, оның азаматтығы — Ресей. Спорттық азаматтығы — Қазақстан. Бұл оның спорттық карьерасы үшін жасалған», – деді Тарпищев.

Айта кетейік, Елена Рыбакина 2018 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта ол WTA рейтингінде бесінші орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 6
😂 0
😡 1
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір