Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) 10 желтоқсанда Mercedes-Benz компаниясымен көпжылдық серіктестік туралы келісімге келгенін мәлімдеді.
WTA баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдер туры WTA Tour Driven by Mercedes-Benz деп аталады.
Жаңа келісім аясында Mercedes-Benz:
Қаржылық шарттар әзірге жарияланған жоқ.
WTA негізін қалаушы, АҚШ-тың бұрынғы теннисшісі Билли Джин Кинг серіктестіктің маңызын ерекше атап өтті.
«Mercedes-Benz сияқты жаһандық брендтің қолдауы теннистен әлдеқайда кең мағына береді. Бұл әйелдер спорты маңызды екенін және спортшыларымыздың көрініп, дауысы естіліп, өзін таныту мен шабыт сыйлау үшін жаһандық платформаға лайық екенін көрсетеді. WTA-ның осы көзқарасты табандылықпен әрі құлшыныспен ілгерілетіп жатқанына ерекше мақтанамын», — деді ол.
Айта кетейік, 2022 жылдан бері WTA-ның титулдық серіктесі медициналық құрылғылар мен диагностикалық құралдар өндіретін Hologic компаниясы болған. Бұрынғы келісім бойынша компания WTA-ға жылына 18–20 млн доллар көлемінде төлем жасап отырған.