Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Рафаэль Надаль операция жасатты

Сарапшы, спорт журналисі

Испанияның атақты теннисші, әлемнің экс-бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль қолына операция жасатқанын мәлімдеді. 

Рафаэль Надаль операция жасатты
instagram/@rafaelnadal

Надаль не деді?

Теннисші әлеуметтік желіде операциядан кейінгі фотосын жариялап, Australian Open-2026 жарысына қатыса алмауы мүмкін екенін әзіл-шыны аралас жеткізді:

«Australian Open-2026-да ойнай алмайтын сияқтымын (күлкіден жылаған эмодзи). Ұзақ уақыттан бері мазалаған мәселе бойынша қолыма операция жасатуға тура келді. Бірақ жақын арада бәрі қалпына келеді деп үміттенемін», – деп жазды Надаль.

Операция қайда және қандай диагноз бойынша жасалды?

Белгілі болғандай, испаниялық теннисші Барселонадағы медициналық орталықта ем қабылдаған. Дәрігерлер Надальдың оң қолының білезік аймағына, нақтырақ айтқанда трапеция–алақан сүйегі буыны тұсына операция жасаған.

Ота түрі — артропластика. Оның негізгі мақсаты ауырсынуды азайту, буынның қозғалу қабілетін қалпына келтіру.

Рафаэль Надаль 2024 жылдың қазанында кәсіби спорттық мансабын аяқтайтынын ресми түрде жариялаған. Испаниялық аңыз ойыншы ATP турда:

  • жекелей сында 92 титул жеңіп алды;
  • оның ішінде 22 “Үлкен дулыға” турнирі;
  • 36 “Мастерс” сериясы бар.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір