Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Елена Рыбакинаға Қытайда ерекше сыйлық табысталды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 17:27

Қытайлық жанкүйерлер әлемнің бесінші ракеткасы, Қазақстан намысын қорғап жүрген Елена Рыбакинаға деген ықыласын жалғастырып жатыр. 

x.com
Реклама
Реклама

Қазір Елена Шэньчжэнь қаласында жүр. Бұл жерде 26 желтоқсанда көрме сипатындағы World Tennis Continental Cup турнирі басталады. Жарыс алдындағы сәттердің бірінде жанкүйерлердің бірі Рыбакинаға ерекше тарту жасап, теннисшінің Қызыл Отты жылқының үстінде бейнеленген суретін рамкаға салып сыйға берген. Айта кетейік, шығыс күнтізбесі бойынша 2026 жылдың символы – жылқы.

Бұған дейін де жанкүйерлер Еленаны әуежайда жылы қарсы алып, гүл шоқтары мен түрлі естелік сыйлықтар ұсынған еді. Бұл – қазақстандық теннисшіге Қытайда жанкүйерлік ықыластың жоғары екенін аңғартады.

World Tennis Continental Cup турнирі 28 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл додада Елена Рыбакина әлем құрамасының сапында өнер көрсетеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары