Реклама
Реклама

Australian Open-2026: Қазақстанның бірінші ракеткасы үшінші айналымға өтті

Сарапшы, спорт журналисі
23.01.2026, 11:00

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Australian Open-2026 турнирінің жұптық санатында сәтті өнер көрсетіп, 1/8 финалға жолдама алды.

olympic.kz

Australian Open-2026 додасында Қазақстан атынан өнер көрсетіп жатқан Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге жұптық сында екінші айналым матчында жеңіске жетті. Қазақстан-сербиялық жұп алаң иелері саналған Дарья Касаткина мен Арина Родионова дуэтімен кездескен еді. 

Матч қорытындысы бойынша Данилина мен Крунич қарсыластарын 6:3, 6:4 есебімен ұтып, жарыстың үшінші айналымына шықты.

Айта кетейік, турнирдің алғашқы кезеңінде Анна Данилина мен Александра Крунич Куинн Глисон (АҚШ) мен Елена Приданкинадан (Ресей) құралған жұпты үш сетте жеңген болатын — 7:5, 4:6, 6:0.

Қазіргі таңда Анна Данилина — Қазақстанның жұптық сындағы ең мықты теннисшісі. Ол әйелдер арасындағы WTA жұптық рейтингінде 14-орында тұр.

Оқи отырыңыздар: 

Қазақстандық теннисші Australian Open-де жеке рекорд орнатты

2025 жылдың үздік ММА файтері аталды

Айдос Медет қарсыласымен көз арбасты

Реклама
Реклама