Айдос Медет қарсыласымен көз арбасты

Сарапшы, спорт журналисі

Отандасымыз ертең армениялық боксшыға қарсы шаршы алаңға шығады. Жекпе-жек АҚШ-та өтеді. 

Айдос Медет қарсыласымен көз арбасты
Azattyq-ruhy.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Медет (13-0, 9 KO) АҚШ-та өтетін кезекті жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Айдос Медет 24 қаңтарда таңертең (Қазақстан уақытымен) Калифорния штатының Лонг-Бич қаласында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Турнир DAZN стримингтік платформасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Қарсыласы — титулға үміткер болған

Қазақстандық боксшының қарсыласы — Армения өкілі Азат Ованнисян (21-6, 17 KO). Бұл жекпе-жек екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде өтіп, сегіз раундқа жоспарланған.

Жекпе-жек қарсаңында өткен ресми салмақ өлшеу рәсімінде екі боксшы да салмақ лимитінен шыққан жоқ. Сондай-ақ Айдос Медет пен Азат Ованнисян дәстүрлі көз арбасу (face-off) өткізіп, айқасқа толық дайын екендерін көрсетті.

Айта кетейік, Азат Ованнисян 2018 жылы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін мексикалық Рэй Варгаспен (36-1-1, 22 KO) жұдырықтасқан. Ол кездесуде армян боксшысы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіліп қалған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір