Қазақстандық теннисші Australian Open-де жеке рекорд орнатты

Сарапшы, спорт журналисі

Бұл рекордты Қазақстан өкілі түркиялық спортшымен болған кездесуде орнатты. Жалпы, матч үш сетте аяқталды.

Қазақстандық теннисші Australian Open-де жеке рекорд орнатты
Юлия Путинцева. Фото: WTA

Қазақстандық теннисшу Юлия Путинцева (әлемдік рейтингте 94-орын) Австралия ашық чемпионатының үшінші кезеңінде сәтті өнер көрсетті.

1/16 финал сатысында Путинцева түркиялық теннисші Зейнеп Сенмезбен (112-орын) кездесті. Тартысты өткен матчтың нәтижесінде қазақстандық спортшы үш сетте қиын жеңіске жетті — 6:3, 6:7 (3:7), 6:3. Кездесу 2 сағат 36 минутқа созылды.

Осылайша, Юлия мансабында алғаш рет Australian Open турнирінің 1/8 финалына жолдама алды. Бұған дейін оның бұл турнирдегі ең үздік нәтижесі үшінші айналым болған. Ширек финалға шығу үшін Путинцева америкалық Ива Йович (27-орын) пен италиялық Жасмин Паолини (8-орын) арасындағы жұптың жеңімпазымен ойнайды.

Еске салайық, Australian Open-2026 турнирі 31 қаңтарға дейін жалғасады. Әйелдер арасындағы жекелей сында чемпион атанған спортшы 2 793 365 АҚШ доллары көлемінде жүлде қаржысы мен рейтингке 2000 ұпай алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір