Реклама
Реклама

Қазақстандық теннисші Майамиде күтпеген сенсация жасады

Сарапшы, спорт журналисі
22.03.2026, 12:49

Бұл жеңістен кейін Александр Шевченко турнирдің үшінші айналымына шықты. Келесі кезеңде ол француз спортшысы Уго Умбермен (34-орын) кездеседі.

olympic.kz

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко АҚШ-та өтіп жатқан беделді ATP 1000 Miami Open турнирінде сенсациялық жеңіске қол жеткізді.

Топ-10 ойыншыға қарсы тарихи жеңіс

Әлемдік рейтингте 84-орында тұрған Шевченко екінші айналымда турнир фавориттерінің бірі, әлемнің 9-ракеткасы Бен Шелтонды (АҚШ) жеңді.

Тартысты өткен матчтың есебі:

  • 6:7 (3:7)
  • 7:6 (7:3)
  • 6:3

Кездесу 2 сағат 25 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші бірінші сетте ұтылғанымен, кейін камбэк жасап, матч тағдырын өз пайдасына шешті.

Бұл жеңістен кейін Александр Шевченко турнирдің үшінші айналымына шықты. Келесі кезеңде ол француз спортшысы Уго Умбермен (34-орын) кездеседі.

Матч:

  • 23 наурыз күні өтеді
  • Басталуы — Астана уақытымен 20:00

Айта кетейік, Miami Open — теннистегі ең ірі жарыстардың бірі.

Турнир жеңімпазы:

  • 1 151 380 доллар табыс табады
  • 1000 рейтингтік ұпай алады.
Реклама
Реклама