Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласында өткен ITF M15 турнирінің жеңімпазы атанды.
Турнирдің шешуші матчында 18 жастағы қазақ теннисші түркиялық Мерт Алкаямен кездесті. Рейтингте өзінен әлдеқайда жоғары тұрған қарсыласқа қарамастан Омарханов сенсациялық жеңіске жетті.
Үш сетке созылған тартысты матч 7:5, 1:6, 7:5 есебімен аяқталды.
Осылайша Әмір Омарханов турнир чемпионы атанып, кезекті титулын қоржынына салды.
Жас қазақстандық теннисші жарыс барысында бірнеше мықты қарсыласын тізе бүктірді. Ол чемпиондық жолында: