Рыбакинаның әлеуметтік желіден уақытша кетуінің себебі белгілі болды

Спорт шолушысы
16.06.2026, 11:30

Лондонда өткен Queen’s Club Championships турниріндегі жеңілістен кейін Рыбакинаның Instagram желісіндегі аккаунты уақытша қолжетімсіз болып қалған еді. Біраз уақыттан соң парақша қайта ашылғанымен, пікір қалдыру мүмкіндігі шектелді.

ҚТФ

Теннисшінің айтуынша, мұндай шешімге әлеуметтік желідегі жағымсыз пікірлердің көбеюі себеп болған.

“Әдетте мұндай пікірлерге аса мән бермеймін, бірақ сол сәтте бұл маңызды болып көрінді. Мұның көбі жұмысыммен байланысты. Кейбір адамдар ақша жоғалтқаннан кейін өздерін тоқтата алмай жатқанын көріп, пікір қалдыру мүмкіндігін уақытша шектеп, кейін парақшамды қайта қалпына келтірген дұрыс деп шештім. Күні бойы Instagram парақшамды тазалап отыра алмаймын”, – деді Рыбакина Tennisratio басылымына берген сұхбатында. 

Қазақстандық спортшы әлеуметтік желілерге кететін уақытты азайтуды жөн санағанын айтты. 

“Кейде бұл нәрсе тым көп уақытыңды алатынын өзің де байқамай қаласың. Мен үшін әлеуметтік желілерде белсенді болмау қалыпты жағдай. Егер танымал тұлға болмасам, онда жиі жазба жариялап, көп уақыт жұмсамас едім”

Елена Рыбакина 13 маусымда Лондонда өткен Queen’s Club Championships турнирінде британдық теннисші Кэти Бултерге жол берген болатын. Осы жеңілістен кейін спортшының әлеуметтік желідегі парақшасы уақытша жабылып, жанкүйерлер арасында түрлі болжамдар пайда болған еді. Кейін Рыбакина оның басты себебі хейт пен жағымсыз пікірлер болғанын мәлімдеді.

Реклама
Реклама