Елена Рыбакинаны Берлиндегі турнир алдында туған күнімен құттықтады (ВИДЕО)
Қазақстанның бірінші ракеткасы 17 маусымда туған күнін атап өтіп жатыр.
Рыбакина 27 жасқа толды
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Елена Рыбакина 17 маусым күні 27 жасқа толды. Осыған орай Қытайдың танымал Weibo әлеуметтік желісінде теннисшіге арналған ерекше видео жарияланды.
Бейнежазбада Рыбакинаға әріптерден құралған арнайы ойын ұсынылды. Көп әріптің арасынан өз есімін және туған күніне арналған құттықтау сөздерін табу қажет болды.
Қазақстандық теннисші тапсырманы сәтті орындап шықты. Осыдан кейін ұйымдастырушылар оны туған күнімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.
Рыбакина Берлиндегі турнирде алғашқы матчын өткізеді
Айта кетейік, Елена Рыбакина ертең Берлинде WTA 500 санатындағы турнирдегі жорығын бастайды.
Жарыстың екінші айналымында Филиппин өкілі Александра Эаламен кездеседі. Эала қазір WTA рейтингінде 35-орында тұр.
Бұл кездесу Рыбакина үшін шөп төсенішіндегі маусым аясындағы маңызды сынақтардың бірі болмақ.