Елена Рыбакина дағдарыстан көз ашпай келеді

Спорт шолушысы
18.06.2026, 22:24

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Берлинде WTA 500 санатындағы турнирдегі алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды.

Instagram/@lenarybakina

Филиппиндік теннисшіден ұтылды

WTA рейтингінде 2-орында тұрған қазақстандық теннисші турнирдің 1/8 финалында филиппиндік Александра Эаламен кездесіп, екі сетте тізе бүкті. Есеп — 5:7, 4:6. Осылайша Рыбакина Берлиндегі жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.

Ал Эала бұл жеңістен кейін турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Басты фавориттердің бірі саналған

Айта кетейік, Елена Рыбакина Берлиндегі турнирдің негізгі фавориттерінің бірі ретінде қарастырылған. Ол екінші нөмірмен себілген. 

Биыл Берлиндегі WTA 500 турнирінің жеңімпазы 161 310 еуро көлемінде сыйақы алады. Сонымен қатар чемпион атанған теннисші әлемдік рейтингке 500 ұпай қосады.

Реклама
Реклама