Жібек Құламбаева Болгариядағы турнирде чемпион атанды

Спорт шолушысы

Қазақстандық теннисші Хасково қаласында ITF W50 сериясындағы халықаралық турнирде жұптық сында жеңімпаз болды.

Жібек Құламбаева Болгариядағы турнирде чемпион атанды
olympic.kz

Құламбаева мен Страхованың финалдағы сенімді жеңісі

Жібек Құламбаева украиналық теннисші Валерия Страховамен бірге жұптық разрядтың шешуші кездесуінде кортқа шықты. Финалда қазақстандық-украиналық дуэт грекиялық Марта Матула мен америкалық Хиба Шайх жұбына қарсы ойнады.

Матч екі сетке созылды. Құламбаева мен Страхова қарсыластарына мүмкіндік бермей 6:0, 6:4 есебімен басым түсті. 

Жартылай финалда болгариялық жұпты ұтты

Жібек Құламбаева мен Валерия Страхова финалға дейін Болгария өкілдері Ралица Александрова және Валерия Гарневска жұбымен кездесті. Бұл ойында қазақстандық-украиналық жұп 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Болгариядағы жеңіс Жібек Құламбаева үшін жұптық сындағы мансабындағы 40-шы титул болды. Сонымен қатар бұл – қазақстандық теннисшінің биылғы маусымдағы төртінші жүлдесі.