Елена Рыбакина Торонто турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде жартылай финалға жолдама алды.
Ширек финалда Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 13-орында тұрған Наоми Осакамен кездесті. Үш сетке созылған тартысты матчта қазақстандық теннисші 4:6, 7:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Матч 2 сағат 36 минутқа созылды.
Жартылай финалдағы қарсылас белгілі
Финалға шығу жолында Елена әлемнің төртінші ракеткасы Кори Гауффпен кездеседі. АҚШ өкілімен болатын кездесу турнирдің финалистін анықтайды. Рыбакина бұған дейін Canadian Open-2026 жарысында Австралия спортшысы Дарья Касаткинаны 6:3, 5:7, 6:4 есебімен жеңген.
Жүлде қоры - 7,4 миллион доллар
Биылғы Торонто WTA 1000 турнирінің жүлде қоры 7 433 076 АҚШ долларын құрайды. Жекелей сында жеңімпаз атанған теннисші 1 085 220 доллар сыйақы мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.