Рыбакина жартылай финалға шыққаны үшін қанша сыйақы алады?
Сонымен қатар ол 390 рейтингтік ұпай алады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонто қаласындағы беделді турнирде сәтті өнер көрсетіп жатыр. Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған теннисші ширек финалда жапониялық Наоми Осаканы жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Тартысты өткен матч үш сетке созылды. Қазақстандық теннисші алғашқы партияда 4:6 есебімен есе жібергенімен, кейін ойынды өз пайдасына бұра алды.
Кездесу 4:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен Рыбакинаның жеңісімен аяқталды.
Жартылай финал үшін қанша алады?
Торонто турнирінің жартылай финалына шығу арқылы Елена Рыбакинаға 297 315 доллар сыйақы алады.
Бұған қоса қазақстандық спортшы WTA рейтингіндегі қоржынына 390 ұпай қосады.
Турнирдің жалпы жүлде қоры қанша?
Торонто WTA 1000 турнирінің жалпы жүлде қоры 7 433 076 долларды құрайды.
Жарыс жеңімпазы 1 085 220 доллар алады. Сонымен қатар чемпионға 1000 рейтингтік ұпай беріледі.