Жарнама
Жарнама

Рыбакина Соболенкоға жақындай түсті

Торонто WTA 1000 турнирінің финалына шыққаннан кейін Рыбакина live-рейтингте тағы 260 ұпай қосты.

Канадада өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы Торонто турнирі Елена Рыбакина үшін рейтинг тұрғысынан маңызды жарысқа айналды. Қазақстандық теннисші финалға шығып, әлемдік рейтинг көшбасшысына дейінгі арақашықтықты қысқартты.

Рыбакина Гауффты жеңіп, финалға шықты

Елена Рыбакина жартылай финалда америкалық Кори Гауффты жеңіп, Торонто турнирінің шешуші кезеңіне жолдама алды.

Осы жеңістің арқасында қазақстандық теннисші WTA live-рейтингінде қосымша 260 ұпай иеленді.

Қазіргі live-рейтинг бойынша Елена Рыбакинаның еншісінде 8316 ұпай бар.

Ал әлемдік рейтингтің бірінші орнында тұрған Беларусь өкілі Арина Соболенкода 8670 ұпай. Айта кетейік, Соболенко Торонто турнирін 1/8 финал кезеңінде аяқтап қойған.

Чемпион атанса, айырма төрт ұпай ғана болады

Егер Елена Рыбакина Canadian Open-2026 турнирінде чемпион атанса, оның ұпай саны 8666-ға жетеді.

Бұл жағдайда ол Арина Соболенкодан небәрі төрт ұпайға ғана қалып қояды. Мұндай көрсеткіш қазақстандық теннисші үшін әлемнің бірінші ракеткасы атану жолындағы ең жақын мүмкіндіктердің бірі болмақ.

Бұған дейін Қазақстан атынан шыққан бірде-бір теннисші WTA рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы атанбаған.

Финалда қарсыласы — Ига Швёнтек

Торонто турнирінің финалында Елена Рыбакина Польша өкілі Ига Швёнтекпен кездеседі.

Бұл матч қазақстандық теннисші үшін тек титул ғана емес, әлемдік рейтингтегі көшбасшылыққа барынша жақындау тұрғысынан да аса маңызды болады.

Жарнама
Жарнама