ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Елена Рыбакина камбэк жасап, Торонтода финалға шықты (ВИДЕО)

Қазақстанның бірінші ракеткасы Торонтодағы WTA 1000 санатындағы беделді турнирдің финалына жолдама алды.

Елена Рыбакина камбэк жасап, Торонтода финалға шықты (ВИДЕО)
dailysabah.com

Алғашқы сеттен кейін өзгерген ойын

WTA рейтингінде екінші орында тұрған Елена Рыбакинаның жартылай финалдағы қарсыласы әлемнің төртінші ракеткасы Кори Гауфф болды.

Кездесудің алғашқы партиясында америкалық теннисші 7:5 есебімен басым түсті. Бірақ Рыбакина екінші сеттен бастап ойын тізгінін толық өз қолына алды. Ол келесі екі партияда қарсыласына мүмкіндік бермей, екеуінде де 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Матчтың қорытынды есебі — 5:7, 6:2, 6:2. Тартысты кездесу 2 сағат 3 минутқа созылды.

Финалда Ига Швентекпен кездеседі

Финалда қазақстандық теннисші польшалық Ига Швентекпен кездеседі.

Швентек жартылай финалда украиналық Элина Свитолинаны үш сетте жеңген еді. Матч 6:3, 1:6, 6:3 есебімен аяқталды.

Торонтодағы WTA 1000 турнирінің жеңімпазы 1 085 220 АҚШ долларын иеленеді. Сонымен қатар чемпионның еншісіне 1000 рейтингтік ұпай жазылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?