Жарнама
Жарнама

Соня Жиенбаева WTA рейтингінде серпіліс жасады

Қазақстандық теннисші соңғы екі аптада екі турнирде қатарынан топ жарып, WTA рейтингіндегі орнын айтарлықтай жақсартты.

Соня Жиенбаева WTA рейтингінде серпіліс жасады
Instagram/@ktf.kz

Рейтингіндегі үлкен серпіліс

Қазақстан намысын қорғайтын Соня Жиенбаева Испаниядағы екі бірдей турнирде чемпион атанып, әлемдік рейтингте рекордтық өсім көрсетті.

Өткен аптада Испанияның Виго қаласында өткен W35 санатындағы турнирді жеңіспен аяқтады. Ал оған дейін Оренседегі W75 жарысында бас жүлдені иеленген еді. Қатарынан келген екі чемпиондық Жиенбаеваның WTA рейтингіндегі жағдайына айтарлықтай әсер етті. Ол бірден 738-орыннан 454-сатыға көтерілді.

Осылайша қазақстандық теннисші небәрі қысқа уақыт ішінде 284 позицияға жоғарылады.

Қазақстанның үшінші ракеткасы атанды

Әлемдік рейтингтегі серпілістен кейін Соня Жиенбаева қазақстандық теннисшілер арасында үшінші орынға шықты.

Оның алдында әзірге Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орында) және Юлия Путинцева (81-орында) тұр. 

Жиенбаева тәжірибелі отандастары Жібек Құламбаева мен Аружан Сағындықованы басып озды. Құламбаева әлемдік рейтингте 464-орында тұрса, Сағындықова 625-сатыда орналасқан.

Осы көрсеткіштердің арқасында 20 жастағы теннисші Қазақстан әйелдер құрамасындағы негізгі үміткерлердің біріне айналып келеді.

Жарнама
Жарнама