Рыбакина Цинциннатидегі турнирде жеңісті жолын жалғастырды (ВИДЕО)
Қазақстандық теннисші Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы жарыста келесі кезеңге жолдама алды.
Френхті екі сетте жеңді
Елена Рыбакина үшінші айналымда әлемдік рейтингте 41-орында тұрған польшалық теннисші Магдалена Френхпен кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте 6:4, 7:6 (7:2) есебімен жеңді. Кездесу екі сағатқа созылды.
Бұл жеңістен кейін Рыбакина мен Френхтің өзара кездесулеріндегі есеп 4:0 болды. Қазақстандық теннисші осы уақытқа дейін польшалық спортшыдан бірде-бір рет есе жібермеген.
Рыбакинаның келесі қарсыласы кім?
Қазақстандық теннисші Цинциннатидегі “мыңдық” турнирдің ширек финалына шығу үшін келесі кезеңде Диана Шнайдермен (Ресей) ойнайды. Ресейлік теннисші үшінші айналымда Майя Хвалиньскаяны (Польша) 6:2, 7:6 (7:3) есебімен жеңген.
Осылайша Рыбакина жарысты жалғастырып, WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама үшін таласады.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.