Жарнама
Жарнама

Елена Рыбакина Цинциннатиде жарақатына байланысты ойынды тоқтатты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалдық кездесуін жарақатына байланысты аяқтай алмады.

Елена Рыбакина Цинциннатиде жарақатына байланысты ойынды тоқтатты
ҚТФ

Рыбакинаның қарсыласы әлемнің бесінші ракеткасы, польшалық Ига Швентек болды. Кездесудің алғашқы сетінде есеп 1:4 болған сәтте қазақстандық теннисші ойынды жалғастыра алмай, матчтан бас тартты. Кездесу небәрі 29 минутқа созылды.

Жарақаты туралы пікір білдірді

Теннисші жарақаттың турнир барысында сезіле бастағанын өзі де атап өтті.

“Үшінші айналымдағы Магдалена Френхпен матчта, жаңбыр салдарынан үзіліс болған кезде, сезіле бастады. Кейін толық бір күн демалдым. Матчқа дейін бәрі жақсы болды. Өкінішке қарай, бір сәтсіз қозғалыс, дұрыс қонбау содан кейін бір нәрсе болып кетті”, — деді Рыбакина ресми сұхбатында.

Қазақстандық теннисші үшін Цинциннатидегі турнирдің аяқталуы жарақатына байланысты мерзімінен бұрын аяқталғанымен, ол жарысты ширек финалға дейін жетіп, рейтингтік ұпайлармен және қомақты жүлде қорымен аяқтады.

Осылайша, Рыбакина үшін Цинциннатидегі WTA 1000 турнирі ширек финалда аяқталды. Бұл Швентекке қарсы қазақстандық теннисшінің соңғы сегіз күндегі екінші кездесуі болды. 13 тамызда теннисшілер Торонтодағы WTA 1000 турнирінің финалында кездесіп, польшалық спортшы 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жеткен.

Жарнама
Жарнама