ҚПЛ 27-тур
Жарнама
Жарнама
Елена Рыбакина Словакия президентінің қабылдауында болды
коллаж penalty.kz

Елена Рыбакина Словакия президентінің қабылдауында болды

Словакия басшысы Петер Пеллегрини әлемнің бірінші ракеткасымен Президент сарайында кездесті.

US Open финалында Соболенконы жеңді

Елена Рыбакина Нью-Йорктегі "Үлкен дулыға" санатындағы жарыстың шешуші кездесуінде Арина Соболенконы үш сетте тізе бүктірді. Финалдық матч 6:4, 5:7, 6:2 есебімен аяқталды. Осы жеңістен кейін қазақстандық теннисші беделді US Open кубогын иеленді.

Словакия президенті Рыбакина туралы не айтты?

Петер Пеллегрини теннисшімен өткен кездесуге қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Словакия басшысы Рыбакинаның бірнеше жылдан бері осы елде жаттығып жүргеніне назар аударды.

"Қазір әйелдер теннисіндегі әлемнің бірінші ракеткасы соңғы алты жыл бойы Словакияны өз үйі санайтынын білесіз бе?

Елена Рыбакина халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғағанымен Словакия оның екінші үйіне айналды. Ол әр жылдың белгілі бір бөлігін осында өткізіп, ірі матчтар мен турнирлерге дайындалады. Осылайша, біздің ел оның спорттық жолында маңызды орын алып отыр.

Сондықтан Еленаны Президент сарайында қарсы алып, US Open-дегі жетістігімен жеке құттықтау мен үшін үлкен қуаныш болды", – деп жазды Пеллегрини.

WTA рейтингінде көш бастады

Елена Рыбакина 2018 жылдан бері халықаралық аренада Қазақстан құрамасының атынан өнер көрсетіп келеді.

Нью-Йорктегі табысынан кейін ол мансабында алғаш рет WTA әлемдік рейтингінің бірінші сатысына көтерілді.

US Open чемпиондығы Рыбакинаның "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі үшінші титулы болды. Сонымен қатар бұл – оның маусымдағы Australian Open жеңісінен кейінгі екінші ірі жүлдесі.

Жарнама
Жарнама