ҚПЛ
Жарнама
Жарнама
Неге қазақша емес? Қазақстандық теннисшінің әрекеті сынға қалды
1bol.kz

Неге қазақша емес? Қазақстандық теннисшінің әрекеті сынға қалды

"Билли Джин Кинг кап" турнирі аясындағы челленджде әр елдің теннисшілері "33 333" санын ана тілінде айтуы керек болған. Алайда Соня Жиенбаева оны орыс тілінде айтты.

Қазақстан теннис федерациясына қатысты бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Оған халықаралық турнир аясында қазақ тілінің қолданылмауы себеп. Дәлірек айтқанда, теннистен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Соня Жиенбаеваның орыс тілінде сөйлеуі түрткі болды.

"Билли Джин Кинг кап" турнирінің Instagram парақшасында жарияланған видеода әр елдің теннисшілері "33 333" санын ана тілінде айтуы керек болған.

Англия, Чехия, Испания, Қытай, Украина және басқа мемлекеттердің спортшылары тапсырманы өз тілдерінде орындайды.

Ал Қазақстан атынан видеороликке қатысқан Соня Жиенбаева "33 333" санын орыс тілінде айтты.

Желі қолданушылары бұған не дейді?

Осыдан кейін видео астында қазақстандық теннисшіге қатысты сын пікірлер көбейді.

Қолданушылардың бір бөлігі Қазақстан атынан қатысқан спортшының неге қазақ тілін қолданбағанына назар аударды.

Пікір қалдырғандардың арасында шетелдік қолданушылар да болған. Олар видеода әр ел өз тілін таныстырып жатқанда Қазақстан өкілінің орыс тілін қолданғанын атап өтті.

Айта кетейік, әзірге Қазақстан теннис федерациясы аталған видеоролик пен әлеуметтік желідегі реакцияға қатысты ресми пікір білдірген жоқ. Сондықтан Жиенбаеваның видеода неге орыс тілін таңдағаны әзірге белгісіз. Алдағы уақытта федерация өкілдерінен ресми жауап күтеміз. 

Жарнама
Жарнама