Сербиялық теннисші Новак Джоковичтің жары жанкүйер қыздардың пікірлеріне шыдамы таусылғандай.
Сербиялық атақты теннисші Новак Джокович Сауд Арабиясындағы суреттер жинағын Instagram-да жариялады. Артынша қыз-келіншектер серб спортшысының жазбасына мақтау-мадақ айтып, таңданыстары туралы пікір жаударды.
“Менің патшам”, “Не деген сурет, не деген еркек. Басына тәж ғана жетіспейді”, “Барлық трофейлерден, медальдардан, жеңістерден, спорттық шеберліктен, келбетінен бөлек, фотомодельдің стилі сізге жарасатынына күмән жоқ”, – деп жарыса жазды қыздар қауымы Джоковичтің суретінің астында.
Бірақ көп ұзамай, теннисшінің әйелі – Елена Джокович қызғаныштан қыздарды өз-өзін ұстауға шақырды.
“Жарайды, қыздар, тынышталыңыздар”, – деп жазды Елена пікірлерге жауап ретінде.
Айта кетейік, Новак Джокович теннис тарихындағы даңқты спортшылардың бірі саналады. Үлкен дулыға турнирлерінде 24 рет жеңіске жеткен. Джокович сондай-ақ, 390 аптадан астам уақыт ATP әлемдік рейтингінде бірінші орында болып, абсолютті рекорд орнатты.