Зарина Дияс әлемдік рейтингіде 109 орынға жоғарылады
21.10.2024, 11:22
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті.
Vesti.kz
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті. Қазақстандықтардан рейтингіде ерекше нәтиже көрсеткен Зарина Дияс болды.
Кеше Түркиядағы Кайсери турнирінің чемпионы атанған Зарина 488-ден бірден 109 сатыға жоғарылап, 379-орынға орнықты. Өзінің спорттық жолындағы үздік көрсеткішіне (31) әлі алыс болғанымен, қазақстандық теннисші рейтингіде көтеріліп келеді.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 5-орында қалса, Юлия Путинцева 32-ден 29-ға ауысып, қайтадан ТОП-30-ға кірді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама