Әлемнің 488-ракеткасы Зарина Дияс Түркияда өтіп жатқан ITF W50 турнирінің жартылай финалында ресейлік теннисшіні айқын басымдықпен жеңді.
Қазақстандық теннисші Харина Дияс жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 485-ші орында тұрған ресейлік Екатерина Маклаковамен кездесіп, 6:1, 6:2 жеңіске жетті.
Бір сағат 6 минутқа созылған кездесуде отандасымыз 6 рет брейк жасады. Маклакова болса, 2 брейктен аса алмады.
Енді Зарина Дияс ақтық сында әлемнің 224-ракеткасы, Беларусь өкілі Алена Фалей немесе рейтингіде 338-ші сатыдағы болгариялық Изабелла Шиникова жұбының жеңімпазымен күш сынасады.