Қазақстандық теннисші екінші кездесуін WTA рейтингінде 191-орындағы америкалық, 17 жастағы Ива Йовичпен өткізді.
Рыбакина бірінші партияда бет қаратпады – 6:0.
Екінші сетте Йович ұзаққа созылған геймде есепті теңестірді – 1:1. Сосын тіпті брейк жасап кетті – 2:1. Дегенмен Елена алысқа ұзатпады – 3:3. Содан кейін өзі алға шықты – 5:3. Матчқа доп бергенде, қиналған жоқ – 6:3.
Елена Рыбакина төртінші айналымға өту үшін әлемнің 33-ракеткасы, украиналық, 24 жастағы Даяна Ястремскаямен таласады.