Елена Рыбакинаның Мельбурндегі ширек финалға таласы тартысқа толы болды
20.01.2025, 10:32
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингте 7-орын) Австралия ашық чемпионатының 1/8 финалында өнер көрсетті.
ria.ru
Рыбакинаға америкалық Мэдисон Киз (14-орын) қарсы тұрды. Бірінші сетте 6:3 есебімен Киздің мерейі үстем болды. Екінші партияда Елена қарсыластың тас-талқанын шығарды – 6:1. Өкінішке қарай шешуші сет америкалық теннисшінің (6:3) жеңісімен аяқталды.
Мэдисон Киз ширек финалда украиналық Элина Свитолинамен (27-орын) шеберлік байқасады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама