Мельбурндегі турнирді аяқтаған қазақстандықтардың қанша табысқа кенелгені белгілі болды
20.01.2025, 18:20
Бүгін теннистен Австралия ашық чемпионатын тоғызыншы қазақстандық аяқтады,
offside.kz
Елена Рыбакина – 138,55 миллион теңге, өз отандастары арасында ең табысты нәтиже көрсетіп, сәйкесінше ең көп сыйақы алды. Ол 1/8 финалда жарыс жолын аяқтады.
Александр Недовесов – 6,59 миллион теңге. Ол жұптық сында бақ сынады. Бірақ бірінші айналымнан әрі аса алмады.
Тимофей Скатов, Дмитрий Попко, Михаил Кукушкин – әрқайсысы 11,54 миллион теңге. Үшеуі де бірінші айналымда жарыстан шығып қалды.
Александр Бублик, Александр Шевченко – әрқайсысы 50,14 миллион теңге. Қос теннисші жұптық және жекелей сында да өнер көрсетті.
Юлия Путинцева – 102,26 миллион теңге. Теннисшіміз Australian Open турнирінде жекелей сында үшінші айналымға дейін жетті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама