Әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіпов қарсыласын ойсырата жеңді
16.04.2025, 11:42
Қазақстан ұлттық құрамасының тәжірибелі боксшысы, әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіпов Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирде алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен бастады.
egemen.kz
Бірінші айналымда 37 жастағы Жүсіпов ресейлік Михаил Прокопьевке қарсы шықты. Үш раундқа созылған кездесуде қазақстандық спортшы қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, төрешілердің бірауыздан шешімімен (3:0) жеңіске жетті.
Теміртас жекпе-жек барысында шеберлігін, рингтегі артықшылығын және бай тәжірибесін айқын көрсетті. Прокопьевтің қарсы шабуылдарына төтеп беріп қана қоймай, жиі-жиі дәл соққылар жасап, толық үстемдік орнатты.
Жүсіпов – Қазақстан құрамасындағы ең тәжірибелі және титулды спортшылардың бірі. Ол:
- 2021 жылғы Әлем чемпионатының алтыны
- Азия чемпионатының екі алтын медалі
- Әскерилер арасындағы Әлем чемпионы
- Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама