Қазақстандық боксшы Бекзат Алдамжаров Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирде алғашқы жекпе-жегін өткізді.
51 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Алдамжаровтың қарсыласы ресейлік Амиршох Джалолов болды. Үш раундқа созылған айқастың қорытындысы бойынша жеңіс бөлінген төрешілер шешімімен (2:1) Джалоловтың еншісіне жазылды.
Жекпе-жек бойы екі боксшы да шабуыл мен қорғанысты шебер үйлестіріп, жоғары қарқын көрсетті. Алдамжаров бірнеше дәл соққыларымен көзге түскенімен, шешуші раундта аздаған басымдық қарсыласқа бұйырды.
Бекзат Алдамжаров 2024 жылы азақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын. Ал оның қарсыласы Амиршох Джалолов Ресей біріншілігінде қола медаль иеленген. Осылайша, екі елдің үздік боксшыларының айқасы шын мәнінде тартысты өтті.