Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Сәкен Бибосынов Ресейдегі турнирде қарсыласын нокдаунға жіберді

Редактор Penalty.kz
16.04.2025, 13:08

Қазақстан ұлттық құрамасының жетекші боксшыларының бірі, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирдің бірінші айналымында сенімді жеңіске жетті.

vesti.kz
Реклама
Реклама

54 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бибосынов ресейлік Курбан Байранбековпен жұдырықтасты. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Сәкен басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңімпаз атанды. Екінші раундта ол қарсыласын түзу нокдаунға жіберіп, айқастың тағдырын ерте шешіп қойды.

Сәкен Бибосынов — еліміздің бокстағы ең жарқын жұлдыздарының бірі. Оның жетістіктері:

  • 2021 жылғы Әлем чемпионы
  • 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері
  • Азия чемпионаттарында күміс пен қола медальдар иегері

Ал қарсыласы Курбан Байранбеков – Ресей чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, тәжірибелі боксшы.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары