Қазақстандық боксшылар Еревандағы халықаралық турнирде 6 медаль жеңіп алды

Редактор Penalty.kz
20.04.2025, 17:51

14–19 сәуір аралығында Арменияда бокстан беделді халықаралық турнир — Ереван мэрінің кубогы өтті. Бұл жарысқа 10 елден келген спортшылар қатысты: Армения, Ресей, Қазақстан, Молдова, Израиль, Иран, Грузия, Ирак, Кипр және Палестина.

radar.am

Қазақстандық боксшылар бұл додада 6 жүлдеге қол жеткізді. Оның ішінде 1 күміс және 5 қола медаль бар.

Күміс медаль:

  • Нұржан Амангелді — 71 кг

Қола медаль иегерлері:

  • Ринат Мақсутов — 48 кг
  • Сұлтан Молдаш — 51 кг
  • Нұрислам Бекен — 54 кг
  • Мақжан Әлімов — 63,5 кг
  • Икром Саидахранов — 92 кг

Ереван мэрінің кубогы — ТМД елдері мен Таяу Шығыс өңіріндегі үздік жас боксшылар жиналатын алаң. Мұнда тәжірибе алмасып қана қоймай, алдағы ірі жарыстарға дайындық жүргізу мүмкіндігі туады.