Асланбек Шымбергенов ұлттық құрамаға қосылады

Редактор Penalty.kz
23.04.2025, 18:30

Тараздық боксшы Асланбек Шымбергенов үлкен спортқа қайта оралуға ниетті. Бұл туралы бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді.

olympic.kz

Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов журналист Қанат Байұзақовқа берген сұхбатында Асланбектің жаттығуға біртіндеп қайта кіріскенін атап өтті. Оның айтуынша, қараша айында өтетін ел чемпионатында жүлделі орын иеленсе, Шымбергенов ұлттық құраманың сапына қайта қабылданады.

“Асланбек дайындықты қайта бастады. Қарашадағы Қазақстан біріншілігінде жүлдегер атанса, ұлттық құрамаға қосылады. Әзірге құрама қатарында жоқ. Биылғы оқу-жаттығу жиындарына қатыспады. Бірақ өңірлік турнирлерге қатысып жүргенін естіп жатырмыз”, – деді бапкер.

Асланбектің спорттық жолы

  • 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында Асланбек алтын медаль иеленді;
  • Азия ойындарында екі рет ел намысын қорғап, күміс және қола жүлде еншіледі;
  • Париж Олимпиадасында 71 келі салмақта сынға түсіп, өкінішке қарай, алғашқы жекпе-жекте иорданиялық қарсыласына жол берді.