Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бекзат Саттархановтың соңғы арманы қандай болғанын жаттықтырушысы айтты

Редактор Penalty.kz
24.04.2025, 04:43

Олимпиада чемпионының залға оралғысы келген. 

sputnik.kz
Реклама
Реклама

Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов 2000 жылы Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановпен соңғы рет не туралы сөйлескенін айтып берді. Бұл сұхбат Sport+ YouTube-арнасында жарияланды.

"Бекзат маған бір күні хабарласты. "Мен шаршадым, жаттығу қашан басталады? Облыстарды аралағаннан жалығып кеттім. Залды сағынып жүрмін, тезірек бастаңыздаршы“, — деді. Бұл жаңа жылдың алдындағы желтоқсанның 20-лары болатын. Мен оған: "Сәл шыда, жаңа жылдан кейін бастаймыз“, — дедім. Сол кезде Олимпиада чемпиондары аймақтарға шығып, боксты насихаттауы тиіс болатын", — деді Тұрсынғали Еділов.

Тұрсынғали Еділов. ФОТО: vesti.kz

Бекзат Саттарханов — Қазақстан спорт тарихындағы ерекше тұлға. 2000 жылы Сидней Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алып, халықтың мақтанышына айналды. Алайда оның ғұмыры тым қысқа болды.

2000 жылдың 31 желтоқсанында, небәрі 20 жасында көлік апатынан қайтыс болды. Бұл жаңалық бүкіл елді есеңгіретіп, халық жүрегінде орны толмас қайғы қалдырды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары