Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық сегіз боксшы жартылай финалға өтті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
24.04.2025, 11:45

Иордания астанасы Амманда жасөспірімдер арасында бокстан Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Бұл 15 және 17 жас аралығындағы спортшыларға арналған жаңадан құрылған World Boxing ұйымының алғашқы құрлықтық турнирі.

instagram/@boxingkazakhstan
Реклама
Реклама

Байрақты додаға 18 елден болашағынан үміт күттіретін 400-ден аса былғары қолғап шебері жиналды. 

Бұған дейін 15 жасқа дейінгі санатта Біржан Жақып, Қуаныш Хәлімбет пен Шыңғыс Ахметов жартылай финалға жолдама алған. Олардың жеңісті жолын тағы төрт отандасымыз жалғастырды:

  • Нұрбақыт Төрегелді
  • Жандос Қалқанов
  • Мейіржан Шәди
  • Нұрислам Ташмағанбет

Олар қарсыластарынан басым түсіп, келесі кезеңге өтті.

Қыздар бәсекесінде 55 келіге дейінгі салмақта Мәдина Сапар Вьетнамнан келген қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты.

Десе де, жарыстың әр кезеңі оңай емес. Жолжігіт Жетпісбай мен Мирас Қуанышов қарсыластарына жол беріп, турнирден тыс қалды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары