Олимпиада чемпионы кәсіби мансабындағы жаңа кезеңді бастады. Ол әйгілі америкалық бапкер Томас Янкелломен жаттығуға кірісті.
Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов Instagram парақшасында жаңа бапкерімен бірге түскен суретін жариялады. Жазбада: "Жаңа жаттықтырушыммен танысып, дайындықты бастадым" – деп жазды ол. Фото бокс залының ішінде түсірілген, кадрда бапкер ұлттық қазақ киімінде көрініп тұр.
Даниярдың жаңа бапкері – Томас Янкелло 2008 жылы Ring журналының нұсқасы бойынша әлемдегі үздік бес жаттықтырушының қатарына енген. Томас әйгілі Рой Джонс кіші бастаған бірнеше чемпионды дайындаған. Сонымен қатар ол бұған дейін қазақстандық Иван Дычкомен жұмыс істеген.
Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов жуырда UFC президенті Дана Уайт пен Сауд Арабиясының промоутерлері бірлесіп құрған жаңа кәсіби бокс лигасымен келісімшартқа отырды. Қазір ол дебют жекпе-жегіне қарқынды дайындық жүргізіп жатыр.