Қазақстан дзюдодан Азия чемпионатында үш қола медаль үшін таласады (ВИДЕО)
27.04.2025, 12:23
Бангкокте (Таиланд) өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында кезекті жарыс күні өтіп жатыр.
instagram/@kaz_judoteam
Бастапқы кезеңдердің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі финалдық блокқа жолдама алды. Олар Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін татамиге шығады.
Жұбаныш раундта өз қарсыластарын жеңген спортшылар:
- Мейірлан Максим (90 кг дейін),
- Ермахан Әнуарбеков (90 кг дейін),
- Ақерке Рамазанова (78 кг жоғары).
Ақерке Рамазанова отандасы Назгүл Маратовамен белдесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Финалдық блок Астана уақытымен 14:00-де басталады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама