Қазақстандық дзюдошы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды (ВИДЕО)
27.04.2025, 15:46
Мейірлан Максим Таиландтағы Азия чемпионатында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль еншіледі.
instagram/@kaz_judoteam
Үшінші орын үшін өткен белдесуде Мейірлан Максим тәжік Умеджон Раджабовты жеңді. Қызықты өткен жекпе-жек "алтын уақыт" кезеңінде аяқталды. Қазақстандық спортшы қарсыласын иппон әдісімен жеңіп кетті.
Ал 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Ақерке Рамазанова үшінші орын үшін өткен кездесуде моңғолиялық Адьясурен Амарсайханға есе жіберді. Осылайша қазақстандық спортшы Азия чемпионатының жүлдегерлер қатарына ене алмады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама