Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстан мен Өзбекстан: тарихи Азия чемпионатында кім үздік шықты?

Редактор Penalty.kz
28.04.2025, 10:02

Иордания астанасы Амманда бокстан жасөспірімдер арасындағы алғашқы Азия чемпионатының финалистері анықталды. 

Instagram/@boxingkazakhstan
Реклама
Реклама

Қазақстан көш бастап тұр

Жарыстың жартылай финалдық кезеңінен кейін 15 және 17 жасқа дейінгі боксшылар арасында үздік үш ұлттық құрама анықталды.

Қазақстан құрамасы финалға ең көп спортшы шығарған команда атанды. Біздің елден 31 боксшы шешуші жекпе-жектерге жолдама алды: олардың 19-ы – U15 санатында, ал 12-і – 17 жасқа дейінгі санатта бақ сынайды.

Өзбекстан мен Үндістан да үздіктер қатарында

Өзбекстан құрамасы да лайықты өнер көрсетті – финалға 30 боксшы өтті. Әр жас санатынан 15 спортшыдан қатысады.

Ал Үндістан құрамасы финалдық кезеңге 21 боксшыны шығарды. Оның ішінде 14-і – U15 санатында, 7-еуі – U17 санатында алтын жүлдеге таласады.

Тарихи чемпионаттың маңызы

Айта кетейік, бұл – World Boxing ұйымының аясында ұйымдастырылған Азия құрлығындағы алғашқы әрі тарихи чемпионат. Мұндай деңгейдегі жарыстар болашақ чемпиондардың есімін анықтауға және бокс әлеміндегі жаңа дәуірді бастауға ықпал етеді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары