ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Қазақ боксшысы тарихи Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында Мұхамедәлі Рүстембек қарсыласын ойсырата жеңді. 

Қазақ боксшысы тарихи Азия чемпионатының финалына жолдама алды
Instagram/@boxingkazakhstan

17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы турнирдің 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық кездесу өтті. Бұл кезеңде Қазақстан өкілі Мұхамедәлі Рүстембек пен Украина спортшысы Дмитро Касьяненко күш сынасты.

Мұхамедәлі Рүстембек қарсыласынан басым түсіп, 5:0 есебімен төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша Мұхамедәлі Рүстембек Азия чемпионатының финалына жолдама алды. Енді ол шешуші айқаста үндістандық боксшымен қолғап түйістіреді. Ал Дмитро Касьяненко турнирдің қола жүлдегері атанды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.