Қазақстандық боксшы үндістандық қарсыласын құлатты

Редактор Penalty.kz
03.05.2025, 14:18

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Армат Арманұлы Бангкокта өткен кеште Рахул Сингхке қарсы сенімді жеңіске жетті.

sportnews.kz

Жекпе-жек орта салмақта жоспарланған алты раундқа созылуы тиіс еді. Бірақ кездесудің тағдыры екінші раундта шешілді. Арманұлы қарсыласының қорғанысын бұзып, денесіне дөп тиген соққымен үндістандық боксшыны нокдаунға жіберді.

Рахул Сингх (10-2) рефери санап болғанша орнынан тұрып, раунд соңына дейін шыдады. Бірақ үшінші раундқа шығудан бас тартты. Осылайша, Арманұлы техникалық жеңіске жетті. 

Бұл жекпе-жек Армат Арманұлының кәсіби мансабындағы төртінші кездесуі болды. Қазіргі рекорды: 3 жеңіс (оның 2-сі нокаутпен), 1 жеңіліс.

Боксшы Жеңіс Жеңіліс Нокаутпен жеңіс
Армат Арманұлы 3 1 2
Рахул Сингх (Үндістан) 10 2 6

Бұл Арматтың Бангкоктағы екінші рет рингке шығуы. Бұған дейін, 1 ақпанда, ол пәкістандық Хабиб Ур Рехманды (6-2, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын. Бұл жекпе-жек те екінші раундта аяқталған еді.