P4P рейтингі бойынша көш басында америкалық Теренс Кроуфорд тұр.
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы, WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Boxingscene порталының P4P рейтингінде әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына кірді. Бұл тізімді танымал америкалық спорт журналисі Стивен Эдвардс жасақтады.
Boxingscene сарапшысы ұсынған pound-for-pound (P4P) рейтингі бойынша Жәнібек Әлімханұлы 20-орынға ие болды. Бұл — қазақстандық боксшының халықаралық аренадағы беделінің артуын көрсететін маңызды көрсеткіш.
Жәнібек Әлімханұлы:
Boxingscene рейтингінің алғашқы бестігінде қазіргі бокс әлемінің ең жарқын жұлдыздары бар:
Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO) – абсолютті чемпион, P4P көшбасшысы
Александр Усик (23-0, 14 KO) – ауыр салмақтағы әлем чемпионы
Наоя Иноуэ (29-0, 26 KO) – бірнеше салмақта титул иегері
Дмитрий Бивол (24-1, 12 KO) – жартылай ауыр салмақтағы чемпион
Артур Бетербиев (21-1, 20 KO) – күшті нокаутер және IBF/WBC/WBO иегері
Мексикалық суперстар Сауль «Канело» Альварес (63-2-2, 39 KO) бұл тізімде 8-орынға тұрақтады. Бұған дейінгі көшбасшы саналатын боксшының рейтингте төмендеуі оның соңғы кездесулеріндегі белсенділігіне байланысты болуы мүмкін.