Лас-Вегаста (АҚШ) әйгілі промоутер Боб Арумның Top Rank ұйымы кезекті кәсіпқой бокс кешін ұйымдастырды. Оның басты жекпе-жегінде екінші жеңіл салмақтың абсолютті чемпионы, жапон боксшысы Наоя Иноуэ (29-0, 26 KO) америкалық Рамон Карденаспен (26-1, 14 KO) қолғап түйістірді.
Кездесу өте қарқынды басталып, жанкүйерлер үшін шынайы драмалық сценарийге айналды. Екінші раундта Карденас Иноуэні нокдаунға түсіріп, үлкен сенсацияның негізін қалағандай болды. Бірақ бұл сәт жапондық боксшыны қамшылағандай әсер қалдырды.
Нокдауннан кейін Иноуэ жылдамдығын арттырып, қарсыласын тығырыққа тіреді. Жетінші раундта Карденас өзі нокдаунға түсті, ал сегізінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды – америкалық боксшы жапондықтың найзағайдай соққыларына төтеп бере алмады.
Осылайша Наоя Иноуэ кәсіби рингтегі өзінің 30-шы жеңісіне жетті. Оның 26 жекпе-жегі уақытынан бұрын аяқталған. Бұл нәтиже Иноуэнің әлемдік деңгейдегі айбынды мықты екенін тағы бір дәлелдеді.