Астанада парадзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан тағы бір мәрте тарих жазды. Ерлер құрамасы командалық сында жеңіске жетіп, екінші алтын медальға иелік етті.
Қазақстандық қыздар кеше керемет нәтиже көрсетіп, командалық есепте бірінші орынды жеңіп алған еді. Ал бүгін дәл осындай жетістікке ерлер құрамасы да қол созды. Бұл Қазақстан парадзюдосының дамуындағы маңызды кезең болып отыр.
Финалдық кездесу ерекше шиеленісті өтті. Қазақстандық ерлер құрамасы Бразилияны 4:3 есебімен тізе бүктірді. Бразилия әйелдер құрамасы бір күн бұрын қола медаль еншілеген. Алайда бұл жолы ерлер арасындағы алтын бізге бұйырды.
Жалпы командалық есепте Қазақстан бірінші орынға жайғасты. Бразилия құрамасы екінші орынды иеленсе, үздік үштікті Моңғолия спортшылары түйіндеді.