27 мамыр күні Астанада өтетін Alash Pride 108 турнирінде қазақстандық ММА жұлдызы Арман "Сұңқар" Оспанов UFC-дің бұрынғы чемпионы Ренан Бараомен кездеседі.
Бразилиялық файтер Ренан Барао — UFC тарихындағы ең ұзақ жеңісті сериялардың бірін жасаған спортшы. Ол 32 жекпе-жекте қатарынан жеңіліссіз өнер көрсетіп, аралас жекпе-жек тарихында ерекше есімге айналды. Жеңіл салмақта UFC чемпионы атанған Барао — бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеу иегері, техникасы мен тәжірибесімен танылған шебер.
Арман Оспанов — жаһандық аренада еліміздің намысын қорғап жүрген нағыз спорт жұлдызы. Ол:
Оспанов еркін күрес негізіндегі мықты базасы мен жарылғыш техникасымен ерекшеленеді. Ол ТМД аумағындағы ең көрнекі, жанкүйерлер қызыға тамашалайтын спортшылардың бірі.
Бұл жекпе-жек — тек титул үшін емес, ұлттық рух пен халықаралық аренадағы бедел үшін болатын шайқас. Арман үшін бұл тек қарсылас емес — әлемге қазақ спортшыларының деңгейін дәлелдейтін мүмкіндік. Ал Барао үшін бұл — жеңісті жолға қайта оралуға тырысу.